Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы агломерациясының Жергілікті кеңесінің отырысын өткізді. Жиын барысында қала маңындағы аумақтарда әлеуметтік нысандар салу, экологиялық жағдайды жақсарту және көлік байланысын жетілдіру мәселелері қарастырылды.Тараптар экологиялық ахуалды жақсарту негізгі басым міндеттердің бірі екеніне тоқталды. Қазіргі таңда агломерация құрамындағы 188 елді мекеннің 74 пайызына газ тартылған, бұл 1,1 миллионнан астам тұрғынды қамтиды. Биыл бұл көрсеткішті 89,4 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Көлік инфрақұрылымын дамыту а...
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының еңбек ұжымымен «Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесу барысында заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздің тұрақты дамуының негізгі бағыты екенін атап өтті.Әкім әділетті заң үстемдік құрған жерде кәсіпкерлік еркін дамып, инвестициялық ахуал жақсарып, қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаятынын жеткізді.«...